Толғақ қысқан министр ауруханаға велосипедпен келген

www.inform.kz
38 жастағы Джентер Көлік министрі көмекшісі міндетін атқарады.

Толғақ қысқан Жаңа Зеландияның Әйелдер ісі жөніндегі министрі перзентханаға велосипедпен барған. Оның айтуынша, көлікте орын табылмағандықтан, осылай істеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Қазақпарат bbc.com-ға сілтеме жасап.

Жасылдар партиясының өкілі Джули Джентер Инстаграм парақшасында ерімен бірге демалыс күні таңертең велосипедпен серуендеп жүрген суретін салып қойған.

Сондай-ақ, 38 жастағы Джентер Көлік министрі көмекшісі міндетін атқарады. Ол жұртшылыққа велосипедке деген ерекше құлшынысымен танымал.

«Міне, сәті келді! Маған сәттілік тілеңіздер. Көлікте қолдайтын адамдарға орын болмағандықтан, біз велосипедті таңдадық, есесіне менің көңіл-күйім көтеріліп қалды!», - деп жазады министр Инстаграм парақшасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды