Ақтөбе облысында 15 адам бостандыққа шығып үлгермей жатып, қайта қамауға алынды

aktobenews.kz
Қазіргі таңда облыста учаскелік полицейлер бұрын сотталған 3 мыңнан аса ақтөбелікті бақылауда ұстап отыр.

Үш мыңнан астам бұрын сотталған адам полицейлердің бақылауында, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Соңғы 7 айдың қорытындысы бойынша, бұрын сотталып қайта қылмысқа барғандардың саны 39%-ға төмендеген. Полицейлер бұрын қасақана қылмыс жасап, бірақ бостандыққа шыққан ақтөбеліктердің үйлеріне барып, әрекетін бақылаған.

Қазіргі таңда облыста учаскелік полицейлер бұрын сотталған 3 мыңнан аса ақтөбелікті бақылауда ұстап отыр.

Бұрын сотталған 119 ақтөбелік жұмысқа орналастырылды. 14 адам жаңа мамандықты игерді. Дегенмен, мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан 15 ақтөбелік қайтадан түрмеге оралды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды