Адам денесінен жаңа орган табылды

altaynews.kz
Бұл жаңалық туралы Science Alert ғылыми порталында жарияланды.

Сидней қаласындағы Гарван медициналық зерттеулер Институтының ғалымдары адам денесіндегі жаңа микроорганды анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Көлемі жағынан өте кішкене орган инфекцияны қайта жұқтырмауға көмектеседі екен. Бұл жаңалық туралы Science Alert ғылыми порталында жарияланды.

Лимфалық түйіндердің астында орналасқан органды субкапсулярлық пролиферативтік ошақ деп атады. Алғашында ол зертханалық тышқандардан табылған. Австралиялық зерттеушілердің айтуынша, қандай да бір инфекцияға шалдыққан ағза болашақта одан жақсы қорғана алады. Ағзаның бұл қасиеті “иммунитеттің жады” деп аталады және оған жадтың В-жасушаларының жиналуы тән болып келеді.

Ағзаның мұндай жасушалары ғалымдарға бұрыннан белгілі, бірақ олардың нақты шоғырланған орыны бірінші рет анықталып отыр. Институт қызметкерлері өте маңызды жаңалық ашқандарына сенімді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды