ШҚО-да пара алған полиция қызметкері сотталды

altaynews.kz
Тәртіп сақшысы екі бап бойынша заң бұзып отыр.

Риддерде жол-патрульдік полиция қызметінің инспекторы құқық бұзушылық фактісін жауып тастау үшін 30 мың теңге көлемінде пара алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл әрекетімен тәртіп сақшысы екі рет заң бұзып отыр. Құқық бұзушыдан пара алып қана қоймай, қолда бар дәлелдерді бұрмалап, оны жазасы жеңілдеу бап бойынша кінәлі етіп шығарған.

Риддер қалалық сотының үкімімен полиция қызметкері Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп табылып, 1 млн 924 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуден өмір бойына шеттетілді. Салынған айыппұлды сот үкімі заңды күшіне енген уақыттан бастап екі жыл ішінде өтеуге міндетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды