Солтүстік Қазақстанда жаңа мешіт ашылды

СҚО әкімінің баспасөз қызметі
Мешітті абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді.

Петропавлдағы 20 ықшам ауданында жаңа мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа мешіт 500 адамға шақталған. Бұл туралы zakon.kz, СҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ашылу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов қатысты.

Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген өңір басшысы жаңа мешіттің ашылуы облыстың мұсылман қауымы және тұрғындары үшін үлкен оқиға екенін атап өтті. Қазір облыста әртүрлі конфессиялардың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, облыстың және еліміздің дамуына зор үлестерін қосуда.

Жаңа мешіт қаламыздың айшықты орнына айналды. Мешітің құрылысына 1,4 га аумақ жер бөлінді. Ғимараттың аумағы 2793 шаршы метрді құрайды. Жаңа мешіт ислам дәстүрлері мен ережелеріне сай бой көтерді. Ғимарат үш деңгейлі күмбез бен 4 бірдей мұнарадан тұрады. Симметриялық көп қырлы мұнаралардың биіктігі 42 метрді құрайды.

Мешітті абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Мешіттің жанына субұрқақ орнатылып, келушілерге ыңғайлы орындықтар қойылды. Жуық арада бұл жерде кіші саябақ ашылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды