Төрт жасар қыз жаңа туфлиді киіп көргеннен кейін ауруханаға түсті

sputniknews.kz
Бүлдіршіннің аяғына ота жасалған жоқ, тек бес күн бойы ауруханада дәрі тамызғышпен жатқан.

Британияның Аберфан қаласында дүкенде аяқ киім киіп көрген бүлдіршін ертесі күні ауруханадан бір-ақ шықты деп жазады sputniknews.kz.

Дүкенге барып келгеннен кейін, келесі күні кішкентай Сиеннаның аяғы ауыра бастаған. Анасы қызын бірден дәрігерлерге апарады. Ақхалаттылар қыздың аяғының іріңдеп жатқанын көргенімен, оны үйіне жіберген, деп жазады life.ru.

Ал келесі күні қыздың қызуы көтеріліп, анасы баласын тағы ауруханаға әкелуге мәжбүр болады. Дәрігерлер қойған диагноз әйелді біраз есеңгіретіп тастады. Белгілі болғандай, бүлдіршіннің қанына инфекция түскен.

"Жаңа туфлиді киіп көргеннен кейін, осылай қатты ауырып қалады деп кім ойлаған", — дейді Сиеннаның анасы.

Қызға ота жасалған жоқ. Дәрігерлер пациенттің аяғын іріңнен тазартып, бес күн бойы бақылауда ұстады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды