Грузияда ел президенттігіне 25 адам таласады

inform.kz 
25 үміткердің 19-ы саяси партиялар, 6-уы бастамашы топтардың атынан қатысуда.

Грузияда ел президенттігіне үміткерлерді тіркеу процесі аяқталды. 28 қазанда өтетін сайлауға қатысуға ниет білдірген 46 үміткерден 25-і ресми түрде тіркелді. Бұл жөнінде жексенбі күні брифингте Орталық сайлау комиссиясының баспасөз-спикері Анна Микеладзе мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Грузия жаңалықтары» агенттігіне сілтеме жасап.

25 үміткердің 19-ы саяси партиялар, 6-уы бастамашы топтардың атынан қатысуда.

Сайлауға қатысуға рұқсат алу үшін президенттікке әрбір үміткер кем дегенде 25 923 сайлаушының қолын жинауы тиіс.

«Заңнамаға сәйкес, президенттікке тіркелген үміткер сайлауға 12 күн қалғанға дейін (16 қазанды қосқа алғанда) ОСК-ға жазбаша өтініш беріп, өз кандидатурасын алып тастай алады. Аталған мерзім аяқталған соң барлық үміткерлер сайлау бюллетеньдеріне енгізілетін болады», - деді Микеладзе.

ОСК-ға тіркелу үшін барлығы 46 субъект өтініш білдірген: 26-ы бастамашы топтардан, 20-ы саяси партиялардан. 21 үміткерді тіркемеуге әртүрлі құқықтық негіздер себеп болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды