Ендігі таңда «Талақ» айтып айырылысатындар заңмен қатаң жазаланады

arhar.kz
Мысалы талақты ер азаматтар тіпті ұялы телефонмен, кей жағдайда хабарламамен айтқан жайттар жиілеп кеткен.

Ендігі таңда «3 мәрте талақ» айтып айырылысуға заңмен тыйым салынады. Бұл жайында Үндістанның Үкіметі арнайы заңды қолдады, деп жазады arhar.kz.

172 миллион мұсылман бар бұл елде шариғат заңы Ислам дінін ұстанушылар үшін басты орында.

Сол себепті де көптеген мұсылмандар 3 мәрте талақ айтып, әйелдерімен айырылысып жатқан жайттар күн сайын кездесуде.

Мысалы талақты ер азаматтар тіпті ұялы телефонмен, кей жағдайда хабарламамен айтқан жайттар жиілеп кеткен.

Бүгінде дәл осындай миллионнан астам оқиға орын алғандықтан, бұл дәстүрді заңмен реттеу мәселесі көтерілді.

Үндістанның құқық және заң министрі Рави Шанкар Прасад қазіргі таңда 22 мемлекет осындай заңдарды енгізгенін мәлім етті.

Аталмыш заң Үндістанда да іске асқан сәтте, заңды бұзушылар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ. Ендігі таңда талақ дінге қарамастан заңсыз деп табылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды