Қойды 111 рет көтерген семейлік қыз сайыстың бас жүлдесін жеңіп алды

altaynews.kz
Меллат Дүйсенбаевтың демеушілігімен екі мықтыға да бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «АгроСемей-2018» ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көрмеге келушілер назарына облыстағы асыл тұқымды жылқылар, қазақтың ақбас сиыры, түйе мен ұсақ малдардың түрлері де көрсетілді. Қыран, бүркіт, қырғауыл сынды құстар мен үй қояндарының небір түрлерін көруге болады.

-Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған көрмеге, облыстан басқа, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Франция, АҚШ пен Қытайдан келген айтулы мамандар, өз ісінің білгірлері де қатысып отыр,-деді Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ректоры Мейір Ескендіров.

Сондай-ақ шара барысындағы сайыста 185 рет қой көтерген Марат Оразбаев бас жүлдеге ие болса , қойды 111 рет көтерген Айым Нұржанова да жеңімпаздар тұғырына көтерілді.

«Алтай» шаруа қожалығының басшысы Меллат Дүйсенбаевтың демеушілігімен екі мықтыға да бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды