Атырау облысында 52 млн теңгенің мұнайы ұрланған

www.inform.kz
Биыл 6 айдың ішінде осы санаттағы қылмыстардың 14 фактісі тіркеліп, оның бесеуі сотқа жолданған.

Атырау облысында биыл 14 мұнай ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ақпарат Атырау облыстық прокуратурасында өңірдегі заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде айтылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы мұнай және мұнай өнімдерін жымқыру, сондай-ақ оларды заңсыз сақтау, тасымалдау және сатумен байланысты 35 қылмыс тіркелген.

Оның 18-і сотқа жолданған. Биыл 6 айдың ішінде осы санаттағы қылмыстардың 14 фактісі тіркеліп, оның бесеуі сотқа жолданған.

Анықталған қылмыстар бойынша 52 миллион теңге залал келтірілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды