Ата-аналар комитеттері жабылуы мүмкін

domashniy.ru
Мектептің, сыныптың қажеттілігін жабу үшін немесе ұстаздарға сыйлық аламыз деп ата-аналардан ақша жинайтын осындай комитеттер көрінеді.

Мектептердегі ата-аналар комитеттері жабылуы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Білім және ғылым министрлігіне осындай ұсыныс жасады деп жазады kaztrk.kz.

Мектептің, сыныптың қажеттілігін жабу үшін немесе ұстаздарға сыйлық аламыз деп ата-аналардан ақша жинайтын осындай комитеттер көрінеді. Агенттік бұны арнайы сауалнама жүргізу арқылы анықтаған. Респонденттердің 87 пайызы оқушы баласы үшін ақша өткізгенін айтқан.

Жазира Жылқышиева, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы: - Ата-аналар комитеті ол өзінен өзі құрылған, құрастырылған бір құрылым. Жалпы ондай заңда да ешбір нормативтік құқықтық актілерде жоқ. Біз ұсынысты бердік.

Оңғар Алпысбайұлы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды