Теңіз кен орнында 20-дан астам жұмысшы ауруханаға түсті

sputniknews.kz
Қазіргі таңда вахталық елді мекенде эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.

Теңіз кен орнындағы "Болашақ" вахталық елді мекенінен 20-дан астам жұмысшы ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды sputniknews.kz.

Атырау облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментіне сілтеме жасап хабарлағанындай, кеше "Монтажспецстрой" АҚ-ның 22 қызметкері астан уланды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген.

"Алдын ала диагноз — гастроэнтероколит. Клиника: локсу, құсу, дене қызуы 37-38, әлсіздік. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы жеңіл және орта деп бағаланып отыр. Олардың барлығы "Болашақ" вахталық елді мекеніндегі асханада тамақтанып жүрген", — деп хабарлады департамент БАҚ-қа.

Олардың айтуынша, науқастардың барлығы орталық аудандық ауруханаға жатқызылған, қазіргі таңда жұқпалы аурулар дәрігері қарап, консультация беріп жатыр.

Сондай-ақ эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп, тамақтан улануға не себеп болғаны анықталуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды