Рудныйда бойжеткен ер адамды өлтірді

inform.kz
Оқиғадан кейін екі бойжеткен жәбірленушінің үйін тонап үлгерген.

Рудныйда таныстардың көңілді отырысы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға биылғы тамызда болған.

Рудный тұрғыны кешке көшеде таныс екі бойжеткенді кездестіріп, оларды үйіне қонаққа шақырған.

«Сағат түнгі 01:00 шамасында ер адам мен бойжеткендердің бірі дәлізге шығып, ұрыса бастаған. Ұрыс кезінде бойжеткен ас ішетін бөлмеге кіріп, үстел үстінде жатқан пышақты алып, қайта дәлізге шыққан. Онда тұрған жігіттің кеуде тұсына үш рет пышақ сұққан. Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады облыстық соттағылар.

Оқиғадан кейін екі бойжеткен жәбірленушінің үйін тонап үлгерген. Біреуі үйден газ плитасын шығарса, екіншісі өлген жігіттің қалтасындағы ақшасын ала кеткен.

Енді олар жасаған қылмыстары үшін сот алдында жауап береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды