Британияда тұратын қазақстандық әлемге дебюттік туындысын ұсынбақ

www.inform.kz
Ол Ұлыбританияда ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп, еуропалық тыңдармандарын туған елінің дәстүрі мен мәдениетімен таныстырып жүр.

Танымал қазақстандық скрипкашы Ғалия Бисенғалиева өзінің дебюттік туындысын жазып, оны британдық музыкантпен бірлесіп шығарған альбомына енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 қазанда «Tulpar» («Тұлпар») синглының әлемдік тұсаукесері өтеді. Бұл танымал қазақстандық скрипкашы Ғалия Бисенғалиеваның алғашқы туындысы. Ғалия өз отанын сағынып, ұлттық мифологияға жүгінген.

Ол Ұлыбританияда ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп, еуропалық тыңдармандарын туған елінің дәстүрі мен мәдениетімен таныстырып жүр.

«Tulpar» «EP ONE» атты альбомға кіреді, онда скрипка мен электрондық музыканың үндескен әуенін тыңдауға болады. 3 туындыны жас дарынды композитор қыздар шығарған. Альбомның презентациясы 30 қарашада өтеді.

«EP ONE» альбомындағы туындылар Лондондағы Spitfire Audio студиясында басылған. Ғалия Бисенғалиева - халықаралық конкурстардың лауреаты, Лондондағы Королева музыка академиясын скрипка класы бойынша тәмамдаған.

Былтыр академия скрипкашы қызға Associate of Royal Academy of Music Award марапатын табыс еткен еді.

Ғалияның ата-анасы - кәсіби музыканттар. Әкесі - танымал қазақстандық скрипкашы Сағадат Бисенғалиев (қазақстандық скрипкашы-виртуоз Марат Бисенғалиевтің ағасы).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды