Бәрін кешіремін: Хабиб Нұрмағамедовтің әкесі Конор Макгрегорды Дағыстанға шақырды

stan.kz
Абдулманап Нұрмағамедов ирландиялық боксшыны 15 желтоқсанда Каспийскіде өтетін кәсіби жауынгерлік самбо бойына әлем чемпионатына шақырды.

UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нұрмағамедов ирландиялық боксшы Конор Макгрегорды Дағыстанға шақырды. Бұл туралы ол Facebook желісінде жариялаған видеода айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Абдулманап Нұрмағамедов ирландиялық боксшыны 15 желтоқсанда Каспийскіде өтетін кәсіби жауынгерлік самбо бойына әлем чемпионатына шақырды.

«Біздің жақын досымыз Олег Николаевич Тактаров пен Макгрегорды құрметті қонақ ретінде шақырамын. Оның бар әрекетін кешіремін. Қайырымды болу керек», – дейді Абдулманап Нұрмағамедов.

Естеріңізге сала кетсек, 7 қазан күні Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Конор Макгрегорды жеңген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды