Шымкентте бала сататыны жөнінде жарнама берген тұрғын іздестірілуде

www.inform.kz
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәби саудалауға қатысты жарнаманы алғаш болып жергілікті тұрғындар байқаған.

Шымкентте «бала сатамын» деп жарнама берген тұрғын іздестірілуде. Мұндай мәтіндегі жазбаларды ол «Вконтакте» әлеуметтік желісінде жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәби саудалауға қатысты жарнаманы алғаш болып жергілікті тұрғындар байқаған. Сөйтіп полицияға хабарласып, анықтауды сұраған.

«13 қазанда полицияға азаматтар хабарласып, осы оқиға туралы айтты. Бұл жөнінде шұғыл шаралар жүргізіліп, жарнама берген адам іздестірілуде. Алайда ол адам артынша аккаунтын өшіріп тастауына байланысты аты-жөні әлі анықталмады. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша Қылмысты кодекстің 128-бабы 1-бөлігіне сәйкес «Адам саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеудің құпиялығына байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды