Павлодарда көпірден секіріп кеткен адам құтқарылды

Рavlodarnews.kz 
Мұндай әрекетке барған 1962 жылғы тұрғын өңірлік психоневрологиялық диспансерде тізімге алынған.

Облыс орталығында сенбі күні автокөлік көпірінен секірген ер адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Ертіс өзенінің аумағында сағат 18.16-да жедел құтқару жасағының үш қызметкері бір жүзу құралының көмегімен көпірден секірген азаматты судан алып шықты. Олар ер адамды жедел медициналық қызметінің мамандарына тапсырды, - дейді баспасөз қызметінде.

Мұндай әрекетке барған 1962 жылғы тұрғын өңірлік психоневрологиялық диспансерде тізімге алынған.

Облыстық жедел медициналық көмек станциясының ақпаратына сүйенсек, травматолог ер адамды тексеру барысында ешбір жарақат анықталмаған. Бұдан кейін мамандар оны облыстық психоневрологиялық диспансерге тапсырған.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды