Қызылордалық жеке балабақшаларға 300 млн теңге бөлінеді

bilim-all.kz
Қызылорда қалалық білім бөлімі 206 жеке балабақшаға 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында көрсеткен қызметі үшін төленетін субсидия бойынша 558 млн теңге қарыз болып, мерзімінде төлей алмады.

Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғауда ұзақ мерзімге созылған мәселелердің бірі – мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметіне қатысты болды. Атап айтқанда, Қызылорда қалалық білім бөлімі 206 жеке балабақшаға 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында көрсеткен қызметі үшін төленетін субсидия бойынша 558 млн теңге қарыз болып, мерзімінде төлей алмады, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша zakon.kz тілшісі.

Бұл мәселе қала, облыс басшылары мен прокуратура органдарында, мәслихат, Парламент депутаттарының алдында да бірнеше рет көтерілді. Алайда, өткен жылдан бері бұл салада мәселе шешімін таппай келді. Нәтижесінде, кәсіпкерлердің басым бөлігі қызметкерлеріне, салық органдарына, өзге де ұйымдарға қарыз болып, кейбіреулері қарыздарды уақытылы қайтару үшін несие алуға да мәжбүр болды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының «Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақстандық Қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының директоры Наталья Мишукованың айтуынша, енді Қызылорда қаласындағы жеке балабақшалардың 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында көрсеткен қызметіне қатысты мәселе оң шешілді.

Нәтижесінде қалалық бюджеттен 300 млн теңге қаржы бөлініп, жеке балабақшаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

Жалпы 2018 жылдың 9 айында кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бойынша Палатаға 134 өтініш түсіп, оның 66-ы немесе 49,2 % оң шешілді. Нәтижесінде бизнес өкілдері 982,8 млн теңге қаржысын сақтап қала алды.

Оның ішінде қаржының 73 % орта кәсіпкерлік субъектілерінікі болса, 27 % шағын бизнестікі, деп хабарлайды Палатаның баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды