Ерлі-зайыптылар жүкті әйелдің ішін жарып, сәбиін алып қойған

stan.kz
Әйелдің мүрдесі талға байлаулы жерінен табылған.

Бразилиялық жұп жүкті әйелдің ішін жарып, ішіндегі 8 айлық сәбиін алып қашқан. Мара Кристиана да Сильваның денесі елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Жоао Пиньейру қаласынан табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Туысының сөзіне қарағанда, оны өлтірген болуы мүмкін деген күдіктінің есімі – Анджелина Родригес. Ол осы уақытқа дейін қызды болуды армандап келіпті.

Көп ұзамай полиция Анджелина Родригес пен оның күйеуі Роберто Гомеш да Силваны қолға түсірді.

Полицейдің айтуынша, Родригес әйелді байлап қоймас бұрын оған дәрілік зат берген. Түсініктеме беру барысында әйел күйеуінің бұл іске қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Алайда тәртіп сақшылары әйелдің бұл қылмысты жалғыз жасағанына сенбеген.

Марқұм болған әйелдің әпкесі Эуза Рибейроның айтуына қарағанда, Феррейра Да Силваның қыз балаға жүкті екенін білген соң, оған жақындай түскен.

“Ол әйел әркез қызды болуды армандаған. Менің сіңлімнің екіқабат екенін көріп, көмек қолын ұсынған. Қарызға ақша берген, балаға қажетті заттың бәрін алып берген”, – дейді ол.

Әйелдің мүрдесі талға байлаулы жерінен табылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды