Сыр өңірінде мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруге қатысты арнайы Жол картасы әзірленіп жатыр

edu.mcfr.kz
Өңірде 662 балабақшаның 241-де, яғни, 36,4%, мектептердің 87% бейнебақылау камералары орнатылған.

Қызылорда облысында жүйелі балабақшалар желісі қалыптасып, 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білім берумен қамтылуы 100% құрайды, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша zakon.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекованың айтуы бойынша, өңірдегі балабақшаларда 6964 педагог жұмыс жасайды, оның 48,2% мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандары. Жекеменшік балабақшаларда бұл көрсеткіш біршама төмен, бұл мәселе дәстүрлі тамыз конференциясында көтеріліп, білім беру бөлімдеріне қажетті тапсырмалар берілген.

Биыл 566 қызылордалық педагог біліктілігін арттырса, келер жылы 960-ын оқыту жоспарлануда. Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруге қатысты Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында облыста арнайы Жол картасы әзірленіп жатыр.

Білім беру мекемелерін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынған. Өңірде 662 балабақшаның 241-де, яғни, 36,4%, мектептердің 87% бейнебақылау камералары орнатылған.

Дегенмен, олар білім беру мекемелерінің барлық бөлігін қамтымайды, негізінен сыртқы бөлігінде орналасқан. Ендігі мәселе - білім беру мекемелерін бейнебақылау жүйесімен толықтай қамту.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды