Өскеменде қарызы бар адамдар мен қылмыскерлерді анықтайтын ақылды бағдаршам пайда болды

altaynews.kz
Базада алимент төлемейтіндерден бастап, іздеудегілерге дейін барлық қылмыскерлердің тізімі болады.

Жаяу жүргіншілерге арналған ақылды бағдаршамдар қарызы бар адамдарды, құқық бұзушылар мен іздеудегі қылмыскерлерді анықтайды, – деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемен көшелеріне Ішкі істер министрлігінің базасына қосылған, жаяу жүргіншілерге арналған, камерасы бар бағдаршам орнатылды. Полиция басқармасы өкілдері ақылды бағдаршамның әзірге сынақ режимінде жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бірақ құқық қорғау органдары қызметкерлері «ғажайып техникаға» үлкен үміт артып отыр.

– Адам жолдан өтіп бара жатқанда, камералар онлайн режимде ІІМ-нің базасымен салыстырып, оның кім екенін анақтайды. Базада алимент төлемейтіндерден бастап, іздеудегілерге дейін барлық қылмыскерлердің тізімі болады, – деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің басшысы Сергей Коваленко.

Бағдаршам арнайы орталық алаңға орнатылған, себебі ол жақтан адамдар жолдан көп өтеді. Сонымен қатар, жақын маңда полиция стационар пункті бар. Ал ақылды техника қылмыскерді анықтаса, бұл туралы белгі дереу патруль қызметкерлеріне барады.

– Әзірге бағдаршам құқық бұзушыларды анықтап үлгермеді, бірақ бұл уақыт мәселесі. Біздің өңір үшін бұл ноухау. Себебі облыс көлеміндегі өзге қалаларда бұған дейін осындай бағдаршам орнатылды дегенді естімедім, – дейді Коваленко.

Ақылды бағдаршам камерамен ғана жабдықталмаған. Сонымен қатар оның қас қарайғанда автоматты түрде қосылатын үш жарық көзі бар. Сондықтан ол жаяу жүргіншілерді тәуліктің қай мезгілі болмасын, жазбай тани алады. Яғни 24 сағат үздіксіз жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды