Алматы облысында досын өлтіріп, қылмысын бетон төсенішпен жасырғысы келген күдікті ұсталды

Алматы облысы Полиция департментінің баспасөз қызметі
Оқиға Есік қаласында орын алған.

Полицейлер жанжал барысында досын өлтіріп, денесін жаңадан салынып жатқан моншаның ішіне көмген, қылмыс орнынан бой тасалаған азаматтың орнын анықтап, өзге облыс аумағында ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы Полиция департментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Есік қаласында орын алған. Қайтыс болған 31 жастағы азамат жеке үйінің жөндеу жұмыстарына көмектесу үшін танысын шақырған.

Түнде екі достың арасында жанжал туындап, 34 жастағы жігіт танысын өлтірген.

Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында марқұмның денесін құрылысы аяқталмаған моншасының ішіне көміп, еденді бетонмен құйып тастаған. Оқиға орынан белгісіз бағытта бой тасалаған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары адам өліміне қылмыс орынан із суытқан күдіктіні Түркістан облысы аумағында қолға түсірді. Қазіргі таңда ол Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды