Астанада интернет арқылы құндыз ішік «сатқан» алаяқ ұсталды

moya-shubka.ru
23 жастағы бойжеткен Instagram әлеуметтік желісінде құндыз ішік пен тері өнімдерін сату туралы жалған парақша ашып, құнын нарықтағы бағадан төмен екендігін көрсетіп отырған.

Криминалдық полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен Тараз қаласының 23 жастағы тұрғынын қамауға алды, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

23 жастағы бойжеткен Instagram әлеуметтік желісінде құндыз ішік пен тері өнімдерін сату туралы жалған парақша ашып, құнын нарықтағы бағадан төмен екендігін көрсетіп отырған. Сатып алушыларды тарту үшін құндыз ішіктердің әдемі суреттері мен жалған мекенжай көрсетілген сауда орталықтарының атауын жазып отырған. Кейін дауысын танып қоймауы үшін сатып алушылармен әңгімені тек WhatsApp арқылы жүргізген.

Тауарды үйге дейін жеткізіп беретініне сендіріп, тауардың ақысын 100% көлемде Qiwi-әмиянға аударуға көндірген.

«Алданғандар ұқыптылығын жоғалтып, 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін бойжеткеннің шотына аударған. Ақшаны алысымен ол телефон нөмірін бұғаттап, желідегі парақшасын мен ұялы телефонын өшіріп тастап отырған. Нәтижесінде ол жеті адамды 1,5 млн теңгеге алдады. Қазіргі күні ҚР Қылмыстық кодексінің 109 бабының 2 тармағына сәйкес (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды