Жақын күндері Қазақстанда күн суытады

24.kz
Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтледі.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауады, тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман, көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады деп хабарлайды zakon.kz Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтледі.

Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды