Маңғыстаулықтар төрт түлікті жол апатынан сақтаудың әдісін ойлап тапты

selo-exp.com
Айтуларынша, жарыққа шағылысатын белдік тағылған мал түнде 200-300 метрден анық көрінеді.

Олар малдың мойнына жарыққа шағылысатын таспа тағуды ұсынып отыр. Түпқараған ауданының шаруалары бұл бастаманы қолдап, төрт түлікке тегіс таспа таға бастаған деп жазады kaztrk.kz.

Айтуларынша, жарыққа шағылысатын белдік тағылған мал түнде 200-300 метрден анық көрінеді. Ал, бұл апаттың алдын алуға көмектеседі. Жыл басынан бері өңірде төрт түліктің жол үстіне шығып кетуі салдарынан 14 жол көлік оқиғасы болып, 2 адам қаза тапқан. Тағы 15 адам зардап шекті. Малға таспа тағуды тіпті аудан әкімдігі барлық шаруаларға міндеттеп жатыр. Көлік жүргізушілері де қолдап отыр.

Уәли Көшербаев, шаруа қожалығының иесі: - Көбіне жылқыны қағады. Малдан гөрі адам өмірі қымбат қой.

Бақтыбай Кенжебеков, көлік жүргізуші: - Малшыларға айтып, осыны тақтырса, жақсы болады. Жан аман болғанын қалаймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды