Келесі жылы жоғары білімді 2-3 жылда алып шығуға болады

atr.kz
Министрдің айтуынша, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеті мен сыни ойлауын дамыту мақсатында еліміздің орта мектептерінде 2-сыныптан бастап «Бағдарламалау негіздері» атты пән енгізіліп жатыр.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев болашақта қажет болатын жаңа мамандықтарды атады. Бұл қатарда деректермен жұмыс істеу жөніндегі детектив, қалалық кибераналитик, толықтырылған шынайылықтағы саяхаттардың жобалаушысы, генетикалық код редакторы, цифрлық тігінші, адамдар мен машиналардың командалық жұмысы жөніндегі менеджер секілді мамандықтар бар деп жазады atr.kz.

Министрдің айтуынша, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеті мен сыни ойлауын дамыту мақсатында еліміздің орта мектептерінде 2-сыныптан бастап «Бағдарламалау негіздері» атты пән енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, техникалық, кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім реформасы аясында заманауи трендтерді ескере отырып, білім бағдарламаларын өзектендіру үрдісі жүруде.

– Болашақ институтының болжамы бойынша, 2030 жылға қарай әлемде мамандықтардың 85 пайызы жаңарады. Мүлде болмаған мамандықтар пайда болады. Ал, келесі жылдан бастап студенттер жоғары оқу орнын 2-3 жылда бітіре алады. Сондықтан жоғары оқу орындары заманауи трендтерді ескеріп, осы бастан нарыққа қажетті мамандарды даярлауы қажет, – дейді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды