Ақтөбеде 29 студент пен 27 оқушыдан туберкулез белгілері анықталды

yandex.kz
Эпидемиологтар Ақтөбеде туберкулезге шалдыққандар саны жыл сайын азайып келе жатқанын айтты.

Биыл Ақтөбе облысында орта арнаулы және жоғары оқу орындарының 29 студенті мен 27 мектеп оқушысынан туберкулез белгілері анықталды. Дегенмен 2018 жылы туберкулез аурушаңдығы балалар арасында 39,3, жасөспірімдер арасында 21,7 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Эпидемиологтар Ақтөбеде туберкулезге шалдыққандар саны жыл сайын азайып келе жатқанын айтты. Биыл ауру көрсеткіші 12,1 пайызға төмендеді. Оның 39,3 пайызы балалар, 21,7 пайызы жасөспірімдер арасында.

«Биыл орта және жоғары оқу орындарының студенттері арасында 29, мектеп оқушылары арасында 27 жағдай тіркелді. Сауықтыру мақсатында барлық ауданда арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Балалар арасында туберкулезді ерте анықтау үшін 121 мыңнан астам манту сынамасы берілді. Жаңа туған 17 447 бала, 10 мыңға жуық 1 сынып оқушысы БЦЖ екпесін алды», — деді Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды