Қостанайда із-түзсіз жоғалған әйел өлі табылды

www.inform.kz
Белгілі болғандай, әйелдің өлі денесін жергілікті тұрғын көріп, «102» нөміріне хабарлаған.

Қостанай облысында жеке үйлердің бірінен хабар-ошарсыз кеткен 58 жастағы Наталья Горобецтің өлі денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында бос қалған жеке тұрғын үй секторының ауласынан 58 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Кісі өлімінің нақты себептерін анықтау үшін сараптама жасалады», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Белгілі болғандай, әйелдің өлі денесін жергілікті тұрғын көріп, «102» нөміріне хабарлаған.

Еске салсақ, Федоров ауданының Федоров селосында тұратын Наталья Владимировна Горобецтің 24 желтоқсан күні таңғы 08:00 шамасында үйінен шығып, хабарсыз кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды