Америкалық музыка маманы Димаштың ерекше даусына таңдай қақты

russian.cctv.com
Мен жүздеген әншіні көрдім. Олардың ешқайсысы 5 октаваға жеткен емес.

АҚШ-тың вокал жөніндегі кәсіби сарапшысы Мэри Циммер Димаштың "I am a singer" байқауындағы өнерін көріп таңданды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мэри YouTube желісінде арнасын жүргізеді. Әрбір әншінің ән орындау шеберлігіне баға береді. Одан Димаштың өнеріне баға беруін сұрағандар көп болған. Сарапшы Димаштың өнерін тамашалап, әншінің шеберлігіне таңғалды. Ол өзінің вокалды диапазоны 3 октавадан тұратынын айтты. Ал Димаш 6 октавада тұратын әндерді шырқап жүр.

“Мен жүздеген әншіні көрдім. Олардың ешқайсысы 5 октаваға жеткен емес. Шәкірттерімнің өзі 3-3,5 октавадан тұратын әндерді орындайды. Көп танымал әншілер орта деңгейдегі диапазонды әндер айтады”,- дейді маман.

Сарапшы Димаштың D8 жоғары нотасымен ән айтқанына таңданды.

“Димаш вокалды ерекшелігі бар әнші. Ол әнді әр түрлі стильді құбылдып орындай алады”, – дейді сарапшы.

Димаштың даусының ерекшелігі – ол тенормен де, баритонмен де, сопраномен де ән айта алады.

“Мен өмірімде бірінші рет сопраноны 4 октавамен орындаған адамды көрдім. Димаштың әр түрлі дауыс байланысы бар, жіңішке де, жуын да бола алады. Одан бөлек Димаш ән орындаудың нағыз маманы “, – дейді Мэри Циммер.

Сарапшының айтуынша, мұндай жетістікке оның көп дайындалатыны, еңбекқорлығы, классикалық және заманауи әндерде орындап жаттығатыны себеп дейді. Егер адам ерекше дауысты болып туғанымен, еш дайындалмаса жетістікке жете алмайды дейді маман.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды