13 жасар қыздың үйлену тойының видеосы елдің жағасын ұстатты

Ашық дерек көздерден алынды
Алинежадтың айтуынша, ислам заңы бойынша Иранда 13 жасар қызға үйленуге рұқсат етілген, бірақ оларға той көйлегін таңдауға рұқсат берілмеген.

Иранда 13 жасар қыздың үйлену тойы түсірілген видеоны жергілікті журналист Масих Алинежад Twitter-дегі парақшасына жүктеп, жан тебірентерлік жазба жариялады. Оның бұл жазбасын мыңдаған адам бөлісіп, балалықпен әлі қоштасып үлгермеген қызға өз аяушылықтарын білдірген, деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Ұзатылып жатқан қыз Иранның Бойер Ахмад провинциясына қарасты Бахмай ауылының тумасы.

Видеода жеткіншек қыздың үлкен ер адамға тұрмысқа беріліп жатқаны бейнеленген. Онда қыздың ата-анасы да бой көрсетеді. Желіні қолданушылардың көбісін қыз баланың ата-анасының мұңсыз-қамсыз күйі де ашуға тиген.

"Сөзім жоқ", "Қарғыс атсын, мына қызды бұл тозақтан алып шыққым келеді", "Ол әлі бала ғой", "Ата-аналар бұл зорлық-зомбылыққа қалай жол бере алады? Байқұс бала. Жүрегің ауырады екен қарап отырып" деп жазды желі қолданушылары.

Алинежадтың айтуынша, ислам заңы бойынша Иранда 13 жасар қызға үйленуге рұқсат етілген, бірақ оларға той көйлегін таңдауға рұқсат берілмеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды