Алматыда түнде жер сілкінді

oren.ru
Ешқандай зақым болған жоқ.

9 қазанда түнгі сағат 3:49:20-да "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялары жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 140 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.0.

Магнитудасы MPV 5.5.

Ошағының координаты 42.97° солтүстік ендігі 78.61° шығыс бойлығы.

Тереңдігі 10 шақырым.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Саты ауылы – 3 балл, Алматы – 2 балл.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, прокуратура, "Қазселденқорғану" және басқа ұйымдарға хабар берді.

ПД шұғыл басқару орталықтарының мәліметтері бойынша, патрульдік учаскелерде жарақат алғандар мен қираған ғимараттар жоқ.

Гидротехникалық нысандарда, көшкін және сел қауіпі бар учаскелерде зақымдану, жердің шөгуі және шытынау анықталған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды