Мұратғали Әкетай – Құл-Мұхаммедтің туған інісі болып шықты

видеодан кадр
Бұл – фейк! Мұхтар Құл-Мұхаммед інісіне қарсы тапсырыс жасалғанын айтты.

Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед "Azattyq Rýhy" тілшісіне судья інісі Мұратғали Әкетай туралы әлеуметтік желіде тараған фейк бейнежазба тапсырыс екенін айтыпты.

"Біріншіден, ол елуге келген азамат. Өмір бойы құқық қорғау саласында қызмет етіп келе жатқан азамат. Өз сұрағына өзі жауап беруі керек. Менің бірге туған он бауырым бар. Оның әрқайсысы үшін сұраққа жауап беріп тұрсам, уақытым жетпеуі мүмкін", - деді сөз алдында Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Ал сұрақтың тоқетеріне ауысқан ол әлеуметтік желіні аралап кеткен видео жалған екенін, інісінің бұл ұятсыз видеоға еш қатысы жоқ екенін кесіп айтты.

"Әрине, бұл тапсырыспен жасалған оқиға. Жасы елуге келген, төрт бірдей баласы бар, қазақи дәстүрде тәлім-тәрбие алған, имандылық жолындағы азамат. Сондықтан, мұндай фейк видео тарату деген сөз -қылмыс. Ол полицияға, прокуратураға тиісті мәлімдеме жасап, қазір тергеу ісі басталды. Нәтижесін күтейік. Мен бұның тапсырыспен жасалған шаруа екендігіне 100 пайыз сенімдімін", - деді ол.

Мұхтар Құл-Мұхаммед "бұлай істеу кімге керек болуы мүмкін" деген сұрақты жауапсыз қалдырды.

Айта кетсек, Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммедің туған бауыры Мұратғали Әкетай Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы. Өткен аптада әлеуметтік желіде Мұратқали Әкетай бейнеленген деген анайы видео тарап кеткен.

Төсектегі екі еркектің атақты видеосын полиция тексеруде

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды