Шымкентте бір адвокат қыз зорлау ісін ақшамен "жаппақ" болды деп күдікке ілінді

Zakon.kz
Шымкенттегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Адвокаттар алқасының адвокатын сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша күдікке алып, тергеу ісін қолға алды.

Шымкенттегі Адвокаттар алқасының адвокаты сыбайластық істе делдал болған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ол Шымкент қаласы полиция департаментіне қарасты Абай ауданының полиция бөлімінің тергеушісіне зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін жалпы сомасы 360 000 теңге пара ұсынуда делдал болған деген күдікке ілінді.

Аталған іс бойынша пара алды деген Абай ауданының полиция бөлімінің тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі әлі жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды