Ақтауда жүрген Тараздың жігіті 71 келі шөппен ұсталып қалды

ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Марихуананы Шу қаласынан ауылдық жолдармен алып шыққанын мойындады.

Есірткі полициясы "Көкнәр-2019" республикалық операциясы аясында жүзеге асырылған жедел-іздестіру шараларын аяқтауда. Еліміздің көптеген аумақтарында Шу алқабынан марихуана тасымалдаған азаматтар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Маңғыстау облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері марихуананы сақтау үшін индустриялық аймақта боксты жалға алған Тараз қаласының тұрғынын ұстады.

Тінту жүргізу кезінде, жалпы салмағы 71 келі марихуана салынған 200 литрлік металл бөшке тәркіленді.

Ұсталған адам полицияның назарын аудармау үшін марихуананы Шу қаласынан ауылдық жолдармен алып шыққанын мойындады.

Сол индустриалды аймақта іздеу шараларын жүргізу кезінде тағы бір жергілікті тұрғын анықталды, салмағы 1 келіден асатын марихуана жалдамалы бокстан табылды.

Ұсталғандар кінәларын мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған екі адамның арасындағы байланысты орнату үшін қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды