Тоқаев жедел ақша аударымына қатысты дауға нүкте қойды

facebook.com
Бұл мәселе мемлекеттік органдар тарапынан әлі де мұқият зерделеуді талап етеді - Мемлекет басшысы.

Ақмола облысындағы алқалы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жедел ақша аударымдарына салық енгізу мүмкіндігі туралы мәселені де көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ол соңғы күндері қоғамды қатты алаңдатқан жайттың бірі осы мәселе болғандықтан, оған Президенттің арнайы тоқталғанын баса айтады. Жасыратыны жоқ, оңтайлы әрі оңай болғандықтан, кейбір банктердің жедел ақша аударым жүйесі халық арасында кеңінен қолданысқа ие бола бастаған.

- Мемлекет басшысы бұл мәселенің мемлекеттік органдар тарапынан әлі де мұқият зерделеуді талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты Президент бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауды тапсырды, - деп жазды Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.

Президент көмекшісі, сондай-ақ Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындауы тиіс жауапты органдар оны әдейі созбалап, сұйылтып жібергісі келетінін де атап өтті. Бұл пайдаланылмаған жерлерді мемлекет иелегіне қайтару, туристік инфрақұрылымдарды дамыту және, әсіресе азық-түлік бағасының өсіміне қатысты тапсырмалар.

- Әкімдер бұл жұмыстан өз-өздерін шеттетіп тастаған. Бағаны делдалдар көтеріп жіберетіні жасырын емес. Мемлекет басшысы осы бағыттағы тапсырманы жауапты органдар орындай алмағанын айтты және оған жауапты болғандарды жазалауды тапсырды, - деді Әшімбаев.

Ол Президенттің тапсырмасын орындамағаны, оған жүрдім-бардым қарағандардың барлығы толықтай жауап беретіндігін баса айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды