Алматыда Гагарин даңғылында Toyota көлігі жол жиегіне ұшып, ағаштарды жапырды

zakon.kz
Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік ағаштарды жапырып барып, жол бойына жарық түсіріп тұрған бағанның біріне соғылып, арыққа түсті.

23 желтоқсанға қараған түні Алматыда Гагарин даңғылында жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Toyota Camry Гагарин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Шевченко көшесіне жетпей тайғанақтап, жүргізуші рөлге ие бола алмай көлік жол бойындағы аллеяға ұшып кетті. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік ағаштарды жапырып барып, жол бойына жарық түсіріп тұрған бағанның біріне соғылып, арыққа түсті.

Құдай сақтағанда, көлік жүргізушісі тірі, ол иығы сынып, ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды