Украина ұшағын екі зымыран атып түсірген

rbk.ru
Вашингтон ұшақ Иран көздеген нысан радарына түсіп қалған деп санайды

АҚШ барлау қызметі 8 қаңтарда Тегеран маңында құлаған Украина ұшағына Иран атқан бір емес, екі зымыран тиген деп санайды. Бұл туралы америкалық әкімшілік қызметкерлеріне сілтеме жасап CNN телеарнасы хабарлады.

Gazeta.ru басылымының мәліметінше, Вашингтон ұшақ Иран көздеген нысан радарына түсіп қалған деп санайды. Содан кейін де көп ұзамай ұшақ құлдилай жөнелген.

Американың барлау қызметі өздерінде бар ақпаратты бірден жарияламай, оны алдымен тексеріп алу туралы шешім қабылдаған.

Сонымен бірге Вашингтон Тегеран ұшақты қателесіп атып түсірді деген сенімде.

Айта кетсек, 8 қаңтарда "Украина халықаралық әуежолы" компаниясының жолаушылар ұшағы Тегеран қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады.

Соңғы мәліметтер бойынша, бортта Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция және Ауғанстанның 176 азаматы (167 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі) болған. Ешкім тірі қалмады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды