Нұр-Сұлтан әуежайында барлық рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілді

nn-airport.kz
Аэродром 27 қаңтарда сағат 02:40-тан 11:00 уақытқа дейін жабық.

Ауа-райының қолайсыздығы мен көру мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында барлық рейстер белгісіз уақытқа дейін кейінге қалдырылды, деп хабарлайды zakon.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, қазір желдің жылдамдығы секундына 20 метр болып ұйытқып тұр. Болжам бойынша ол 27 м/сек дейін күшеюі мүмкін. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында 19 ішкі рейс, 13 халықаралық рейс ұшып шығу уақытынан кешігуде, сондай-ақ 14 ішкі рейс, 4 халықаралық рейс тоқтатылды.

16 халықаралық рейс, 20 ішкі рейстің ұшып келу уақытында өзгеріс бар, 3 ішкі рейс, 2 халықаралық рейс тоқтатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды