Bek Air әуе компаниясын 20 адам сотқа берді

alimzhan.blogspot.com
Ттұтынушылар құқығын қорғау комитетіне 20 адам арызданған.

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті Bek Air клиенттерінің мүдделерін қорғауға кірісті, деп хабарлайды zakon.kz.

"2020 жылы 31 қаңтарда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Нұр-Сұлтан қалалық сотына Bek Air қызметін тұтынушылардың құқықтарының бұзылғаны туралы шағым түсірді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің шағымында Bek Air өздерінен сатып алынған билеттердің ақшасын қайтармағанын, сондай-ақ ақшасы төленген қызметті көрсетпегендерін (әуе компания рейстері тоқтатылды), осылайша тұтынушылардың құқықтары бұзылғаны көрсетілген" делінген ведомства хабарламасында.

Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне 444 мың 434 теңгенің билеттерін сатып алған 20 адам құқықтарының бұзылғаны туралы арызданған.

29 қаңтарда Bek Air басшысы оператордың сертификаты қалпына келтіріліп, сату жүйесі ұске қосылғанда ақшаны қайтарамыз деді. Сол кезде олар кім билет сатып алды, кім оны ауыстырды, кім қайта тапсырды – бәрін көре алады. Ал оған дейін оларда ешқандай мәлімет жоқ, сондықтан апаттан кейінгі алғашқы күндердегідей алаяқтыққа жол берілмес үшін ақшаны ешкімге бетіне қарап қайтарып бермейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды