Үкіметтік комиссия Қордайда қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына көңіл айтып барды

Бауыржан Жуасбаев
Бердібек Сапарбаев Дарханның қаза табуына кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынына сендірді.

Үкімет комиссиясы Әлжан ана ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды, деп хабарлайды zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ел басшылығының атынан оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді.

Бердібек Сапарбаев Дарханның қаза табуына кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынына сендірді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан біз шын қайғырып көңіл айтамыз. Берік болыңыздар. Отбасы үшін осы қиын күндерде берік болу керек. Біз кінәлілерді анықтаймыз, олар заң бойынша жазаланады», — деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер қаза тапқан азаматтың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, барлық қажетті көмектің берілетінін жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды