Оралда төңкеріліп қалған көлікті полиция қызметкері тізгіндегені белгілі болды

saratov24.tv
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкері тізгінген Toyota автокөлігі өзіне жол бермеген Kia-ға соғылып, аударылған.

Оралда аударылған Toyota автокөлігін патрульдік полиция батальонының қызметкері тізгіндеген, деп хабарлайды zakon.kz Мой город басылымына сілтеме жасап.

19 ақпанда, таңертең, Әбілқайыр хан даңғылында С.Тюленин аялдамасы маңында Toyota Camry және Kia көліктері соқтығысып, Toyota қатты соққыдан төңкеріліп қалды. Kia-да болған әйел мен баланы жедел жәрдем көлігі алып кетті.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Kia көлігімен соқтығысқан Toyota Camry көлігінің тізгінінде полиция қызметкері болғанын хабарлады.

Полицияның баспасөз қызметі түсіндіргендей, Гастело көшесімен келе жатқан Kia жүргізушісі Әбілқайыр хан даңғылымен қиылыста Toyota Camry көлігіне жол бермей, екеуі соқтығысқан.

Екі көлік те арнайы тұраққа қойылды. Апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды