"Павлодар теміржол вокзалындағы коронавирус белгісі бар жолаушы" туралы хабарлама - жаттығу

Доступный Павлодар
"ҚТЖ" ҰК" АҚ өз қызметкерлерімен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде пайда болған "Павлодар теміржол вокзалындағы коронавирус белгілері бар жолаушы" туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желідегі "Павлодар теміржол вокзалында коронавирус белгілері бар жолаушы" туралы ақпаратқа қатысты біз мынаны хабарлаймыз. Станцияда жарияланған бұл хабарлама Павлодар облысы әкімдігі өткізген алдын-алу жаттығуларының бір бөлігі болып табылады, делінген хабарламада.

Айта кету керек, Павлодар вокзалы қала әкімдігіне қарасты, оны "Павлодарвокзалсервис" ЖШС басқарады.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ өз қызметкерлерімен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Ауру белгілері туралы ақпарат Қазақстанның теміржол вокзалдарының аумағында орналасқан Led экрандарда үнемі жарияланып отырады", - дейді компаниядағылар.

Сондай-ақ, қалың адаммен тікелей байланыста болатын компания қызметкерлері қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етілгені де атап өтілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды