Алматыда жол бөлісе алмаған көлік жүргізушісі екіншісіне оқ атқан

Кирилл ЧАЩИН
Қазіргі уақытта бұл факті Алмалы ауданының полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша тергеліп жатыр.

Алматы қалалық полициясы жолды бөлісе алмай, дүрдараз болған екі көліктегі бірінің тапанша қолдануына қатысты тексеру жүріп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл оқиғаның видеосы алдымен желіде жарияланды.

Бүгін таңертеңгі сағат 07: 40 шамасында жолды бөлісе алмаған Шевроле жүргізушісі алдымен тапаншаны бізге кезенді, бірақ одан қашып кеткенімізбен, ол бізді алдымыздан күтіп алды, сөйтіп ақыры көлікке қарай оқ атты, - делінген желіге жүктелген видео мен сурет астындағы жазбада.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты түсінік берді.

Қазіргі уақытта бұл факті Алмалы ауданының полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша тергеліп жатыр. 1983 жылы туылған К. деген азамат жолдағы кикілжің кезінде дабыл тапаншасынан ауаға оқ атқаны анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы өндіріс кезінде анықталады, деп хабарлады ведомствадағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды