Түркістан облысында өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған адамнан коронавирус анықталған

pixabay.com
Нұр-Сұлтаннан мәйітті алып келген үш адам енді карантинге жатуы тиіс.

Өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған адамнан мәйітханада коронавирус анықталды. Ал туыстары бұл хабарға сенбейді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Редакциямызға Түркістан қаласынан хабарласқан тұрғындардың сөзінше, Нұр-Сұлтанда тұрып жатқан бауыры өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Елордадан бауырларының денесін күтіп отырғанда, жергілікті әкімдіктен келгендер марқұм короновирус жұқтырған депті.

Шенеуніктердің сөзінше, марқұмды мәйітханада тексергенде соvid-19 вирусы анықталған. Ал елордалық дәрігерлер анықтамаға буынып өлгенін анық жазып беріпті. Сондықтан мәйітті де туыстарының қолына бере салған. Вирус жұқтырды деген сараптама қорытындысы Түркістан облысына мәйіттен кейін ілі-шала жеткен. Ауруға қатысты нақты қорытындыны білмей тұрып, мәйітті неге туыстарына бергенін Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы әзірге түсіндірген жоқ. Ал мәйітті алып келген үш адам енді карантинге жатуы тиіс.

Тәжібек Мұсаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары:

- Асылып өлген. Асылып өлгеннен кейін короновирусы бар мәйітханада анықталған. Арнайы хабарлады бізге. Мемлекеттік сараптаманың арнайы хатын алдық. Бекерден-бекер әуре болып жүрмейміз ғой, жұмыстан қалып. Түске дейін облыстық СЭС мамандары, имамдар бар, түсіндіру жұмысын жүргіздік. Жұрт түсінгісі келмейді. Анасы бар, туысқандары бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды