Түнде Нұр-Сұлтанда SPA-салонда демалып жатқан "клиенттер" ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының ПД
Клиенттерге салонның алты жұмыскері қызмет көрсеткен.

"Есіл" ауданының мобильді тобы түнгі рейд жүргізу кезінде карантин режимінің шектеу шараларына қарамастан өз қызметін жүзеге асырған спа-салонды анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коттеджде орналасқан салонда бес келуші спа-процедураларды қабылдаған.

Клиенттерге салонның алты жұмыскері қызмет көрсеткен. Аталған мекеменің иесі және жұмыскерлері өз іс-әрекеттерімен тыйым салынғанды елеместен адамдардың денсаулығына қауіп төндірген. Мекеменің иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалады.

Құрамында полиция қызметкерлері, әкімдіктің және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері бар мобильді топ күн сайын кешкі және түнгі уақытта локальді рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Көңіл көтеру мекемелері, дәмхана, мейрамхана барлар, компьютерлік клубтар және карантиндік шектеу шараларын сақтау талаптары да тексерілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды