Алматыда бес көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті

zakon.kz
Соқтығысқан - төрт жеңіл көлік пен бір манипулятор.

Алматыда үлкен жол апаты болып, төрт көлік пен манипулятор көлігі де зардап шекті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Апат Бекмаханов көшесінің бойымен шығыс бағытта, Қапшағай көпіріндегі орама жолда болған. Алдымен Toyota Mark II мен Toyota Chaser соқтығысқан. Ортада келе жатқан Mark II жүргізушісі оңға қарай көлігін бұрады, бірақ артынан Chaser желкелеп келіп қалғанын кейін байқайды. Соқтығысқан екі көлік екі жаққа ұшқан: Марк II сол жолмен кетіп бара жатқан Hyundai Elantra-ны, ал Chaser - жол бойында тұрған Hino манипуляторына соғылады. Тіреу табаны бар манипуляторға соғылған шетелдік автокөлік кейін серпіліп, жолмен кетіп бара жатқан BMW 5-ті соғады.

Апат салдарынан Toyota Chaser жүргізушісі мен жолаушысының сүйегі сынған, олар ауруханаға жатқызылды.

Барлық машиналар бір бағытта келе жатты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды