Жас жігіт жатақханада жеңгесінің жүзігін жымқырды

lombard-komod
Алтын жүзік 27 мың теңге тұрады екен.

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотты болған 25 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеп-тексеру барысында күдікті өзінің ағасының отбасымен бірге жатақхананың бөлмесінде тұрып жатқаны, олардың үйде жоқ екенін пайдаланып, жеңгесінің 27 мың теңге тұратын алтын жүзігін ұрлағаны және белгісіз біреуге сатып жібергені анықталды.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-текеру жүргізілуде. Ер адам кінәсін мойындады. Оның бұрын елорда аумағында жасалған қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды құнды заттарды қараусыз қалдырмауды, мұқият болуды ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды