Президенттің арнаулы өкіліне қанша шығын жұмсалмақ – Берік Уәли жауабы

azh.kz
Мұндай лауазым әлемнің көптеген елдерінде бар екені айтылды.

Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілінің қызметі үшін бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме? Оның жұмысын кім қамтамасыз етеді және қызметкерлер үшін арнайы штаттар ашыла ма?

Бұл сұрақтарды zakon.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге жолдаған еді.

Берік Уәлиден келген жауап мынадай болды:

Арнаулы өкілдің қызметін, кәсіби дипломаттар мен әкімшілік қызметкерлерін қоса есептегенде, 5 адамнан тұратын топ қамтамасыз етеді. Оның орынбасарлары болмайды және бұл лауазым республикалық бюджетке қосымша салмақ түсірмейді. Топтың жұмысы ҚР Президентінің Әкімшілігіне бұған дейін бөлінген қаржы есебінен толық қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, оның жауабында мұндай лауазым әлемнің көптеген елдерінде бар екені айтылады.

Арнаулы өкіл тағайындау тәжірибесі АҚШ-та, Ресейде, Еуропада және басқа да елдерде кең таралған. Әдетте, аталған қызметті саяси және дипломатиялық тәжірибесі мол белгілі тұлғалар атқарады, делінген жауапта.

Тақырып бойынша:
Тоқаев Президенттің арнаулы өкілі лауазымын бекітті

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды