Сонша қолқалағанда билеуге шықпай қойған келіншек екі күрек тісінен айырылды

pxhere.com
Ұсталған ер адам мән-жайды нақтылау барысында Ш.Уәлиханов көшесіндегі астаналық кафелердің бірінде 40 жастағы әйелді ұрып-соғып, қашып кеткенін мойындады.

Нұр-Сұлтанда алты жылдай бұрын ер адам өзімен билемей қойған әйелді жұдырықпен бір қойып, алдыңғы екі тісінен айырған. Осы уақыт аралағында ол іздеуде болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұсталған ер адам мән-жайды нақтылау барысында Ш.Уәлиханов көшесіндегі астаналық кафелердің бірінде 40 жастағы әйелді ұрып-соғып, қашып кеткенін мойындады.

Ішімдікке еліткен ер адам кафеде екі әйелге жақындап келіп, оларды биге шақырады. Бірақ ыңғай танытпағандықтан ашуланған ер адам олардың бірін бетінен жұдырықпен бір қойып, алдыңғы екі тісін түсірді. Жазадан қорыққан ер адам тез арада кафеден қашып шыққан. Кейінірек ол ауылдағы туыстарына кетіп қалған, - дейді полициядағылар.

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды