Миллиардер Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды

facebook.com / bipek.kz
Агенттік тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпараттар жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Азия-Авто компаниялар тобының негізін қалаушы Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті "Азия-Авто" АҚ компаниясы тобының құрылтайшысы Анатолий Балушкинге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық істі тергеуде. Қазіргі уақытта сот бұлтартпау шарасына санкция берді (сырттай) және іздеу жариялады, делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Агенттік тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпараттар жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысындағы ірі олигархтың байлығы, кейбір сарапшылардың бағамдауынша, 150 миллион долларға тең.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды